«Осы іс бойынша өткен сот отырысында (облыстық сотта ) Өтембаевтың 23 ақпанда Қазақстан президентіне жолдаған хаты жария етілген. Онда ол Сәрсенбаевты ұрлауға және өлтіруге қатысы барын мойындайды»,-деді бүгін Жоғары соттың қылмыстық істер жөніндегі алқа отырысында жапа шеккен жақтың адвокаты Әнуар Қалиев.
«Одан кейін Өтембаев сырқатына байланысты өзіне жалған жала жапқанын айтады. Алайда, өзіне жалған жала жабу жайы да , президентке жолданған хаттың жазылу себептері мен мәтінін сот зерттеген жоқ»,-деп атап өтті қорғаушы.
«Ал хаттың лексикалық, мағыналық құрылымы және хаттың орфографиясы оны Өтембаевтың өзі жазғанына күдік тудырады»,-дейді қорғаушы.
«Оған қоса, Өтембаев сырқаттанып , қан қысымы көтерілгенде жігерсіздік танытып , себепсіз қорқыныш сезімде болатыны туралы хат жүзінде түсініктеме берген. Яғни, Өтембаев өзінің науқастанған сәтін біреудің пайланып кеткенін түсіндіруге тырысты немесе соған талпыныс жасады»,-деді Ә.Қалиев.
Қорғаушының айтуынша, «Өтембаевтың жазған түсініктемесінде , өзіне жалған кінә таққаннан кейін, бейнежазу түрінде түсінік беруге ұсыныс жасалған. Яғни , психологиялық қысым болған».
«Жоғарыда айтылған бойынша Өтембаевтың президенттің атына жолдаған хатына байланысты шындықты анықтау үшін қолтаңбалық сараптама жүргізіп, хаттың Өтембаевқа тиесілі немесе қатысы жоқтығын анықтауды сұраймын»,-деді адвокат.
Сотталғандар тарапы бұл өтінішті қолдады, алайда прокуратура оны кері қайтарды. Сот бұл мәселе бойынша шешім шығарған жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті