Сәрсенбаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот мәжілісінде бүгін Ибрагимов Өтембаевты жебеушілердің аты-жөнін атады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәрсенбаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот мәжілісінде бүгін Ибрагимов Өтембаевты жебеушілердің аты-жөнін атады

Сәрсенбаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот мәжілісінде бүгін Ибрагимов Өтембаевты жебеушілердің аты-жөнін атады

ТАЛДЫҚОРҒАН. 2-тамыз. Kazakhstan Today. Саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев, оның көмекшілері Василий Журавлев пен Бауыржан Байбосынның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша өтіп жатқан сот мәжілісі барысында бүгін айыпкер Рустам Ибрагимов Ержан Өтембаевты сүйеушілердің аты-жөнін атап мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 2 Тамыз 2006
  • 426
Фото - Caravan.kz



«15-ақпан күні Астанада Е.Өтембаев маған 11-ақпанда А.Сәрсенбаевпен кездесуге тиіс болған адамдардың атын атап, ештеңеден қорықпауға кеңес берді. Беттестіруден кейін Е.Өтембаев менен өзі айтқан адамдардың атын атамауды сұрап, әлгі адамдардың екі-үш айдан кейін көмекке келетінін, бәрі де бақылау астында екенін айтты»,- деп мәлімдеді Р.Ибрагимов. «Ал Өтембаевтың хатынан кейін өзімді саяси қитұрқылықтардың құрбанына айналдырғалы отырғанын ұқтым. Өтембаевты қанатының астына алған адамдардың аты-жөнін жасырудың мәнісін көрмей тұрмын. Өйткені, болған жағдай туралы тіс жармаған жағдайда менің өз өміріме қауіп төніп тұрғандықтан, ол адамдардың атын атап бермекшімін. Олар — сенат төрағасы Н.Әбіқаев пен ҚР ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Н.Дүтбаев»,- деп мәлімдеді Р.Ибрагимов.

«Ержан Әбілхайырұлы қорқып отыр. Барлық шындықты жайып салуды Өтембаевтың ар-ұжданына тапсырамын»,- деді Р.Ибрагимов.

Перейти к новостям спорта