Сот мәжілісі бүгін екі мәрте кейінге шегерілді. Таңертеңгі сағат 10-ға белгіленген сот мәжілісі алдымен 14 сағат 30 минутқа дейін, ал артынан 12-шілдеге кейінге қалдырылды.
Л.Мерекеновтың айтуынша, мәжіліске айыпкер Виталий Мирошниковтың адвокаты Виктор Семин келген жоқ.
Ал айыпкер Рустам Ибрагимовтың адвокаты Серік Сәрсеновтың айтуынша, бүгін таңертең Семинмен сөйлескен кезде ол сотқа шұғыл жеделхат жолдап, сот мәжілісін өзінің сырқаттанып қалуына байланысты 18-шілдеге дейін шегере тұруды сұрағанын жеткізген.
Ал судья Л.Мерекенов болса сотқа ешбір жеделхат келген жоқ, сол себепті мәжілісті 12-шілдеге дейін шегере тұруға шешім қабылданды дейді.