Сәрсенбі күні Қазақстанның батысында ғана күн ашық болады деп болжануда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәрсенбі күні Қазақстанның батысында ғана күн ашық болады деп болжануда

Сәрсенбі күні Қазақстанның батысында ғана күн ашық болады деп болжануда

Қазақстанның басым аумағы циклон ықпалында болады да, сонымен байланысты күн күркіреп, өтпелі жауын жауып, екпіндетіп жел соғады, республиканың солтүстік-шығысында бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың батысында жауын тоқтайды, деп «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

  • 13 Шiлде 2011
  • 539
Фото - Caravan.kz

Сейсенбі күні Астанада ала бұлтты, кейде найзағайлатып, жауын жауады, солтүстік- батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с болады, екпіні 18 м/с болып, ауа температурасы +16+18 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығып, түнде жауын-шашынсыз, кешке қарай өтпелі жауын жауады, күн күркірейді, 2-7 м/с жел соғады, екпіні 9-14 м/с, ауа температурасы +33+35 градус болады.

Синоптиктердің мәліметтерінше, Солтүстік Қазақстан облысында нөсерлетіп, жауын жауып, 15-22 м/с жел соғып, ауа температурасы тиісінше +15+20 градлус болады, Ақмола облысында күшті жауын жауып, күн күркіреп, кей жерлерінде 15-22 м/с жел соғып, бұршақ жаууы ықтимал, ауа температурасы +15+22°С, Қостанай облысында жауын жауады, Павлодар облысында күн күркіреп, өтпелі жауын жауып, кей жерлерінде 15-22 м/с жел соғады, ауа температурасы сәйкесінше 15+20 және +20+25 градус болады.

Қарағанды облысында күн күркіреп, өтпелі жауын жауып, кей жерлерінде 15-22 м/с жел тұрып, күндіз ауа температурасы +17+22 градус болады. Шығыс Қазақстан облысында аздап жауын жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз бұршақ жаууы ықтимал, ауа температурасы +32+37 градус болады.

Республиканың оңтүстігінде барлық өңірінде жауынды болады деп болжануда. Алматы облысында күн күркіреп, жауынды болады, шаңдатып, 15-22 м/с жел соғып, ауа температурасы +31+36 градус болады. Кей жерлерінде желдің жылдамдығы 25 м/с болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысында да өтпелі жауын жауадыі, 15-22 м/с жел соғады, ауа температурасы сәйкесінше, +29+34 және +28+33 градус болады. Қызылорда облысында күн күркіреп, күшті жауын жауып, кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-22 м/с, шаңдатып дауыл соғып, ауа температурасы +23+28 градус болады.

Қазақстанның батысында тек Батыс Қазақстан облысында күн ашық болады. Онда 15-22 м/с жел тұрады, ауа температурасы +24+29 градус. Атырау облысында да күн күркіреп, өтпелі жауын жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-22 м/с, ауа температурасы +26+31 градус болады. Маңғыстау облысында күн күркіреп, өтпелі жауын жауып, кей жерлерінде 15-22 м/с жел соғып, шаңдатып боран соғып, ауа температурасы +28+33 градус болады. Ақтөбе облысында да күшті жауын жауып, кей жерлерінде күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтимал, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с, ауа температурасы +22+27 градус.

Синоптиктердің хабарлауынша, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облысында ыстық болады, Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Батыс-Қазақстан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының батысында, Алматы облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Алдағы тәуліктерде Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы өзендердегі судың деңгейі құбылмалы болады. Қазақстанның басқа өзен-көлдерінде елеулі өзгерістер болмайды.

Соңғы жаңалықтар