Мәселен, Петропавлдағы жұқпалы аурулар ауруханасының құбыры қатып, мекеме екі күн бойы сусыз отыр. Ал Ақмола мен Павлодар облысында 1 мен 9-шы сынып оқушылары үшін сабақ кешеден бері тоқтатылды. Олардың демалыстары ертең де жалғасатын түрі бар. Ал Қарағандылық төтенше жағдай қызметкерлері ақ түтек боранда саятшылық құрып, орманда адасып қалған аңшыларды іздестіріп жатыр. Синоптиктердің де болжамы көңіл көншітер емес. Алдағы күндері Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында сынап бағамы 40 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Әрі үскірік аяз апта соңына дейін сақталады.