Ондағы кейбір мәліметтер көңіл аударуға тұралық, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Древняя и новая Россия басылымының № 9-санында жарық көрген мақала «Қырғыздар өмірінен очерктер» деп аталады.
«Біз болыстың аулынан шығып, біраз алыстап кеткенімізде, әңгімешіл қырғыздар отырықшы сарт саудагеріне өз қызын күйеуге бергені үшін әлгі болысты айыптап, сөге бастады. «Ол біздің сүйекке таңба салды, — деді кейбіреулер. «Оны болыс қылып қалдыруға болмайды», — деп қосты басқалары. «Иә, иә!» – деп айқайлады үшіншісі, – «алғашқы сайлауда-ақ біз оны міндетті түрде ауыстырамыз». — «Сарттар – өздерің білетіндей сар-ит» (яғни, сары иттер), — деді қасымыздағы серігіміз, — олар туралы мына бір әңгімені тыңдаңдар … «Мұны естіген басқалары аттарды қағып, бір-бірін тізелерімен, сосын аттарының тұмсығымен соғып, әңгімешіге жақындай бастады. – Иә, сарттар, – деп бастады қырғыз жігіті, – бұлар нағыз сары иттер. Бір күні біздің қыздарымыз суға түсуге барыпты. Олар көлге келіп, шешініп, суға түседі. Кенет олар қарсы бетен бір топ салт атты еркектердің өздеріне қарай жақындап келе жатқанын көреді. Қыздар бірден шулап жағаға шығып, киінуге кіріседі. Осы кезде шабандоздар да жақындап келді. Ал, біздің қыздар сол кезде не істеді деп ойлайсыңдар? Семіз аттарға жұмсақ көрпе төсеп мінген семіз сарттар екенін көрген бойда бәрі бірден: «Ой, еркектер келіп қалған екен десек, сарттар екен ғой», – деп айқайлады да, ойланбастан, дәл сол жерде: сарттардың алдында қайтадан шешініп, улап-шулап суға түседі. Құдды сарттар шынында да еркек емес сияқты! Тыңдап келе жатқандарға бұл әңгіме қатты ұнады. «Әй қыздар-ай! Сарттардың сазайын берген екен», – деп разы болды көпшілік. Ал басқалары сарттарды жек көретіндіктерін ашық білдіріп, тіпті бұл сары иттерден болыстың қызын тартып алып, өзіне ұнайтын сұлтан С-ға қосу керек. Ол онымен қашып кетіп, әйелі болуға бірнеше рет ант берген екен. «Қыз баяғыда осылай жасар еді,— деді біреу,— бірақ ол әкесін ренжітіп алудан қорқады, бұл жағдайда әкесі өзі үшін алған қалың малды сартқа қайтаруға тура келеді». «Жоқ, ешқашан қайтармайды, – деп қарсылық білдірді қариялардың бірі, – біріншіден, ол әкесіне білдірмей қашып кетуі керек, – сондықтан да, қайтармауына болады.
Екіншіден, мына сарт оған адам деп қарамайды: басынан аяғына дейін жауып, орандырып тастаған. Ешкім жүзін көрмейді. Тіпті туған ағасы да күйеуінің көзінше ғана сөйлесе алады. Бұл сөздер байғұс қырғыз қызына деген көпшіліктің аяушылық сезімін туғызды. Ал жастардың қызғанғаны сонша, көпшілігі байғұс әйелді жек көретін сарт күйеудің қолында ұзақ қалдырмауға серт берді».
Древняя и новая Россия басылымы № 9-саны. 1876 жыл