Сары әулиенің қызы әкесі жайлы: Әкем алжыған, өз-өзінен шатасып қалған сияқты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сары әулиенің қызы әкесі жайлы: Әкем алжыған, өз-өзінен шатасып қалған сияқты

Сары әулиенің қызы әкесі жайлы: Әкем алжыған, өз-өзінен шатасып қалған сияқты

Сары әулиенің қызы Бақытгүл Исенбаева осыдан бірнеше жыл бұрын Шымкент қаласындағы үй үшін әкесімен соттасқан еді. Аты шулы емшінің қызы баспанаға иелік ете алды ма?  Әкесінің жезөкше дегеніне жауабы қандай?

  • 5 Қараша 2019
  • 3786
Фото - Caravan.kz

Осы сұрақтарға Бақытгүл Исенбаева Caravan.kz медиа порталының тілшісіне айтып берді.

— Бақытгүл, осыдан біраз уақыт бұрын әкеңізбен үй үшін соттасқан едіңіздер. Соттың соңы не болды?

— Иә, соттасқанымыз бар. Сотта мен жеңіске жеткен болатынмын, үйдің ақшасын алғым келген. Әкеміз 9 айдың ішінде ақша беремін деп келіскен, яғни екеуміз келісіп, қағаз жүзінде уағдаласқанбыз. Мінекей, ол уақыттан кейін 4-5 жылдай өтті. Уәде етілген ешқандай ақша берілген жоқ.

—  Сотта жеңіске жетсеңіз, демек заң жүзінде үй сізге тиесілі ғой?

— Иә, заң бойынша да, қағаз жүзінде де ол маған тиесілі. Әкеміз ақшасын беремін уәде берген. Әлі жүр, өзім ол туралы айтудан шаршап кеттім. Енді сот орындаушыға тапсырған болатынмын, алдағы уақытта көре жатармыз.

— Әкеңіз сұхбаттарының бірінде сізбен ”жезөкше болғандықтан араласпаймын” — деген еді. Осыған байланысты айтар жауабыңыз бар ма?

— Әкем әрдайым солай айтып жүреді, оған етім үйреніп қалған. Бірақ “Мақпал мекен”, — деген бағдарламада айтып, ол желіде шу болды. Сол кезде айқай шығарып, әкеме хабарластым. Міңгірлеп, ештеңе айта алмады. Ол кісінің өзі шатасып қалған сияқты, алжып не айтқанын білмейтін. Мен кішкентай кезімде, шошақай болатынмын далада жігіттер гитарамен ән айтып тұрса қастарында тұрып бірге ән айтатынмын. Сол шошақайлығымнан әкем “жезөкше”, — деп айтатын. Сосын тексердім дегені шындық, иә ол кісінің тексеретіні бар.

— Қазір әкеңіз балаларының суреттерін салып тұрады, ол бауырларыңызбен араласып тұрасыз ба?

— Ол бауырларыммен де, әкеммен де мүлдем араласпаймын. Олардың қайда жүргенін білмеймін. Әкеміз енді сондай адам, осындай ара-қатынаспен кететінімізді білемін. Бірақ, шүкір қазір сіңлімнің де, менің де жоғары біліміміз бар. Whatsapp желісінде “ағайындар”, — деген топ бар, сол жерде туыстарымыз: “Аналарың қайтыс болса да, әкелерің андай адам болса да, өз күндеріңді көріп, жоғары білімдерің бар”, — деп жазып қояды. Соған да шүкір деп қоямын.

— Әкеңіздің емшілігі жайлы айтсаңыз. Сары әулиеге расымен де емшілік қасиет дарыған ба?

— Дарыған, дарымаған деп айта алмаймын. Бірақ, ол кісі жақсы ұйымдастырады. Мысалы, шөптер береді, уағыз айтып сосын музыка қосып қояды. Ол музыканы естіген мен, уағызын тыңдаған менің өзім анамды сағынып, жылап алған кездерім де болған. Маған келген адам 1 апта келуі керек, жуынып келуі керек дегені бар. Егерде қарызға батқан адам, қандай да бір қиындығы бар адам уағыз тыңдап, іштей қарыздан құтылатынына мысалы сенетін болса, ол әкеме келмей-ақ жеңіп шығады деп ойлаймын. Әкем жақсы ұйымдастырушы бары сол. Адам іштей өзіне сенсе, ол емшіге бармай ақ емделіп кете алады деп ойлаймын.

— Сұхбатыңызға рақмет!

ЕСКЕРТУ: Сұхбатты көшіріп басу үшін редакцияның рұқсаты керек!