Сарыағаш: Өркениеттен жұрдай Қанағат тұрғындары шибөріге жем болуда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сарыағаш: Өркениеттен жұрдай Қанағат тұрғындары шибөріге жем болуда

Сарыағаш: Өркениеттен жұрдай Қанағат тұрғындары шибөріге жем болуда

Түркістан облысында ауыл тұрғындары шибөріге жем болып жатыр. Өзбекстанмен іргелес жатқан Сарыағаш ауданындағы Қанағат елді мекенінде көшеде жарық болмаған соң жабайы аң ауыл ішіне дейін кіріп, тұрғындарды қуатын жағдай жиілепті.

  • 9 Қаңтар 2020
  • 29
Фото - Caravan.kz

Қараңғы түссе түнекте қалып, аңнан қорқып жүрген жұрттың жолдары да лай-батпақ. Тұрғындар жаңбыр жауса, ауыл ішінде аяқтарына етіктің сыртынан пакет киіп алмасақ болмайды — дейді. Такси қызметкерлері бұл ауылға жаңбыр жауғанда лай-батпақтың салдарынан кіруге бас тартады екен.Сонда қараңғыда үйіне қайтқан ауыл тұрғындары мен мектептен қайтқан оқушылар не істемек?

60 жылдардан бері асфальт көрмеген тұрғындар бастарын қай жарға барып соғарын білмей отыр. Жергілікті биліктен көмек көрмеген тұрғындар өздері ақша жинап жолға шағалтас төсеген екен. Бірақ газ кіргіземіз деп көше қазғандар көшенің ойранын шығарып, шағалтас батпаққа сіңіп жоқ болған. 

Қазір тұрғындар ауыл ішіндегі бір құбырдан ғана ағатын суға баруға да қорқады. Су әкелуге түнекте саз кешіп, аңдармен алысып жүрген ауыл жайы не болмақ?


Соңғы жаңалықтар