Сарыағаш қаласында «Дастан» ЖШС-нің қоймасында ірі өрт болды
6 қаңтар күні түнгі сағат төрт шамасында Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш қаласында «Дастан» ЖШС-нің қоймасының шатыры өртене бастады. ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өрт төрт жарым сағаттан кейін сөндірілді, оның аумағы 600 шаршы метрді құрады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ ОҚО бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 52 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылды. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін