Сарыағаштағы базарда алапат өрт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сарыағаштағы базарда алапат өрт болды

Сарыағаштағы базарда алапат өрт болды

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш қаласында базар өртенді. Бұл туралы хабар тиісті орынға кеше кешке келіп түскен. 

  • 21 Қараша 2017
  • 1362
Фото - Caravan.kz

ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, өрт сондірушілер оқиға орнына төрт минутта жеткен. Ал өрт "Дәулет" базарында болды, деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Қызыл жалын 22 минутта ауыздықталыпты. 

"Пластик бутиктер өртенді. Олар бесеу болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт 144 шаршы метр аумақты шарпыған" дейді Р.Иманқұлов.

Ал оқиға куәгерлері көтерме саудаға шығарылатын азық-түлік қоймаларының түгі қалмай жанып кеткенін хабарлады. Олардың айтуынша, сатушылар тауарын құтқаруға талпыныпты.

"Саудагерлер бутиктерге қарай ұмтылды. Оларды полиция әрең ұстап қалды. Қызыл жалынды өрт сөндіргіш және сумен сөндіруге талпынған күзетшілерден басқа зардап шеккендер жоқ сияқты" деді куәгерлердің бірі.
 


Соңғы жаңалықтар