Түзде өтетін ойын кешкі сағат 19.00-де басталады
Айта кетейік, осы уақытқа дейін өткен екі кездесудің қорытындысы бойынша есеп — 1:1. Қарағанды қаласында болған бірінші матчта «Сарыарқа» өз қарсыласын 4:1 есебімен жеңсе, келесі күні «Торос» есесін қайтара білді, есеп — 1:7.
Енді, Башқұртстанның Нефтекамск қаласында 22-23 сәуір күндері қатарынан екі ойын өтеді. Онда екі команда бір-бір ұпайдан жинап, жалпы есепті 2:2-ге дейін жеткізуі мүмкін, я болмаса, екеуінің біреуі жеңіске бір қадам жақындайды. Өйткені Жоғары хоккей лигасының финалында қарсыласты төрт рет жеңіп, жалпы есепте төрт ұпай жинау қажет. Жеңімпаз ЖХЛ-дың Братина кубогына ие болады.