«Сарыарқа» «Қазцинк- Торпедоны» ірі есеппен ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Сарыарқа» «Қазцинк- Торпедоны» ірі есеппен ұтты

«Сарыарқа» «Қазцинк- Торпедоны» ірі есеппен ұтты

Шайбалы хоккейден жоғары лиганың тұрақты чемпионатында кезекті турдың бәсекелері ойналды.  Соның бірінде  Өскеменнің «Қазцинк- Торпедосы» өз алаңында «Сарыарқа» клубының хоккейшілерін сынаққа алды.

  • 16 Қараша 2012
  • 353
Фото - Caravan.kz

Көрермендер өз орындарына жайғасам дегенше, гол соғып үлгерген    қонақтар  алаң иелерін едәуір  састырып тастады. Бірақ бірден қарсы шабуыл ұйымдастырған  жергілікті  хоккейшілер сол екі арада жауап қатып үлгерді. Денис Франскевич қорғаған қақпадан табылған бұл шайбаның авторы Артем Токарев. Дегенмен  алғашқы үзіліске дейін қатарынан қос шайба соққан  қарағандылық шеберлер  бүгінгі матчқа тас түйін дайын екендерін байқатты.  Кездесудің екінші бөлігінде ойын барысын бақылауға алған алаң иелері  әупірімдей жүріп таразы басын қайта теңестірді. Алайда олардың бұл қуанышы көп ұзамай су сепкендей басылды.  Алдымен Дмитрий Данилин одан кейін Михал Махо салған шайбалар «Сарыарқаға» жеңіс әкелді. Қорытынды есеп 3:5. Өскеменнің «Торпедосы» келесі ойынды  17-қараша күні Тверьде жергілікті «ТХК» клубымен өткізсе, «Сарыарқа» өз алаңында Тольяттидің «Ладасын » қабылдайды.

Сәрсенбі күні  жер шарының түкпір-түкпірінде футболдан ұлттық құрамалар арасында  жолдастық кездесулер өткізілді.  Ел астанасы да мемлекеттің атауын алған  Орталық Америкадағы Панаманың футболшылары осы күні әлемдегі ең күшті құрама Испанияны қабылдады.

Әлем кубогының иегері , Еуропаны екі рет мойындатқан Испания, футбол өнері кенжелеп қалған Панаманы аямады. Үйдегі  жаттығу кезінде пысықтап жүрген   комбинацияларын  осы жерде  сынаған  еуропалықтар, алаң иелерінің қорғаныс шебін тас-талқан етті. Тек бақандай бес голдан кейін есін жиған жергілікті футболшылар, ретін тауып бір гол соққандарына мәз болды. Бұл доп он бір метрлік айып добын мүлтіксіз орындаған Гоместің есебінде. Испания сапында  Вилья, Рамос, Суасета және есебіне екі доп жазған Педро көзге түсті. Кейбір ойындардың нәтижесіне тоқтала кетсек, Англия 2:4 есебімен Швециядан ұтылса, Италия өз алаңында 1:2 есебімен Францияға есе жіберді.  Ал  Голландия мен Германия  арасындағы матчта есеп ашылған жоқ.


Соңғы жаңалықтар