Сарыарқа» ЖХЛ чемпионатының жеңімпазы атанды - ВИДЕО - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сарыарқа» ЖХЛ чемпионатының жеңімпазы атанды - ВИДЕО

Сарыарқа» ЖХЛ чемпионатының жеңімпазы атанды - ВИДЕО

Волгалық «Ариаданы» жеңген қарағандылық «Сарыарқа» мерзімінен бұрын Жоғары хоккей лигасының жеңімпазы атағын иеленді.  Бұл туралы «Сарыарқа» ХК сайтынан хабарланды.

  • 10 Ақпан 2015
  • 381
Фото - Caravan.kz

12-минутта-ақ Сергей Огородников ойын есебін ашты. Кезеңнің аяқталуына бір жарым минут қалғанда жерлестеріміз ұпай санын арттырды — 2-0. Содан қырық секундтан кейін Андрей Плехановтан шайба алған Эрик Шевченко қарсылас қақпасына жауапсыз үшінші шайбаны салды. 

Екінші кезеңде де тартысты ойын болды.  Волгалықтар қақпашыны ауыстырып, шабуылға көшті. Кезеңнің ортасына дейін нәтижесіз ойын көрсеткен «Ариада» ойыншылары дүркін-дүркін шабуылдап, жерлестеріміздің қақпасына алғашқы шайбаларын дарытты. Алайда бұл қуаныштары су сепкендей басылды. 32 секундтан соң  Константин Савенков қарсыластардың қақпасына жауапты голды салды.

Үшінші жиырма минуттықта волгалықтар есеп айырмасын қысқарта білді. Нәтижесінде ойын 4:2 есебімен «Сарыарқа» командасының пайдасына шешілді. Бұл жерлестерімізге ЖХЛ тұрақты чемпионатында мерзімінен бұрын жеңімпаз атануға жол ашты.  


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера