«Сарыарқа» ЖХЛ финалындағы алғашқы ойында «Торос» командасынан басым түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
0 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Сарыарқа» ЖХЛ финалындағы алғашқы ойында «Торос» командасынан басым түсті

«Сарыарқа» ЖХЛ финалындағы алғашқы ойында «Торос» командасынан басым түсті

Кеше Жоғары хоккей лигасы финалындағы алғашқы ойында қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы «Торос» (Нефтекамск) командасын сүріндірді.

  • 19 Сәуiр 2013
  • 416
Фото - Caravan.kz

Матчтың алғашқы минутында-ақ қарағандылық хоккейшілер қарсыластарын қапы қалдырып, есеп ашты. Илья Малюшкин алғашқы шайбаның авторы атанды. Ал сегіз минуттан кейін ол екінші шайбаны кіргізді. «Торос» есеп айырмасын бір шайбаға қысқарта білді. Алайда Дмитрий Данилин таразы басын 3:1-ге жеткізді. Осыдан кейін қарсыластар бар күштерін жұмсап, матчты өз пайдасына шешуге тырысқанымен нәтиже шығара алмады. Ал, ойынның екінші кезеңінде Семен Кокуев есепті 4:1-ге ұлғайтты. Бұл ойыннан кейін «Сарыарқада» бір ұпай бар. Ал Жоғары хоккей лигасының «Братина» кубогын жеңу үшін қарсыластарды төрт рет ұту қажет.

Айта кетейік, Жоғары хоккей лигасының биылғы маусымында қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы алғаш рет өнер көрсетіп жүр. Дебютант болса да, ол барлық сындардан өтіп, финалға дейін жетті. Бұл — аса зор жетістік. «Сарыарқаның» қарсыласы — «Торос» бұған дейінгі маусымда лига чемпионы атанып, «Братина» кубогын иеленген болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера