Сарыөзекте шетінеген нәрестелер саны өсіп кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сарыөзекте  шетінеген  нәрестелер саны  өсіп кеткен

Сарыөзекте шетінеген нәрестелер саны өсіп кеткен

Алматы облысының Сарыөзек кентіндегі акушер-гинекологтар жұмыстарына атүсті қарап, перзентханада туған шарананы аман алып қала алмайды. Осылай деп шу көтерген жергілікті тұрғындардың айтуынша, соңғы бірнеше жылда аудандық ауруханада ана мен баланың денсаулығына деген көзқарас  төмендеп кеткен. Мұнда тіпті толғақ қысқан әйелдерді мейірбикелер босандырады, ал жауапты дәрігерлерді орнынан таппайтын көрінеді.  Соның салдарынан шетінеген бала саны да өсіп отыр. Бірақ аурухана басшылығы мұның барлығы «жалған» дейді.

  • 9 Шiлде 2011
  • 971
Фото - Caravan.kz

Жұмыр жанның жымиғаны жарасымды болғанмен, Сарыөзектегі сары уайымға салынған жұрттың көкірегінде қаяу мұң. Бірінші байлықты құнттап келгеннің ем-домсыз дегбірі қашатыны былай тұрсын, шақалақтардың шетінеуі көбейген. Шілденің шіліңгір аптабында бас қосқан аналардың арызы — біреу. Бала бауыр еті болса, тоғыз ай, тоғыз күн күткен сәбиін бауырына басқысы келеді. Бірақ жатырға біткен жанға деген қамқорлық Кербұлақта кері кеткен. Орталық ауруханаға жеткізілген азаматшаларға қажетті көмек тұрмақ, «көтерген — өзің, қажет болса — туып ал» деп қайтарады екен.

Светлана Жиганова, Сарыөзек кентінің тұрғыны:

— Мені қабылдаған Алма деген дәрігер: «бала өзіңе керек, үйіңе бар да, өзің ту» — деді.

Арқарлы асуын асқанда алдыңда көлбеңдейтін Кербұлақ ауданының ауруханасына артылған жалғыз айып  бұл емес.  Толғақ қысқанда шарананы күтіп алуы тиіс жауапты дәрігер көбіне өз міндетін өзгелерге арта салып, ізім-ғайым жоғалып кетеді екен.

Сарыөзек кентінің тұрғыны:

— Қарасам, санитарка мен акушер  босандырмақшы.  «Дәрігер қайда? Шақыртыңыздар» деп едім, өзіме ұрсып тастады: «Тәте, жатыңыз, сіздейдің талайын босандырғанбыз» — деп.  Сосын  босандырып жатқан қыз қорқып кетті: «Тәте, жолдасыңыз түспей жатыр!» -деді.

Мейірбикелер  «тәжірибе»  жасаған түні Әминаның жатыры кесілген. Бірақ ол үшін айыбын жуған жан жоқ. Емханаға енсек,  «былтыр 973 әйелді босандырдық, биыл бала өлімі болмады»деп,бет қаратпады. Бірақ,  23 жастағы Мөлдір жатырындағы тұңғыш сәбиін дәл осында,биыл 4 наурызкүні жоғалтқан.


Мөлдір Бекмамбетова, Сарыөзек кентінің тұрғыны
:

— Бір жарым  тәулік жаттым,  дәрігерлер қараған жоқ, Мейірбикелер  тудырды,  ине салды,.. шығара алмады. Құйрығы қысылып қалды, басы да. Кешке дейін  тірі жатты… сағат 11-де тудым, кешке  «шетінеп кетті» деп естідім.

Емхананың бас дәрігері айтылғандардың бірін мойындамады. Шетінеген шараларды айтса, мүлдем ат тонын ала қашады. Бір ғана маңызды айтары, былтыр алған мақтау қағаздарымен масаттанады.

Бегалы Белдібеков, Кербұлақ аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері:

— Үмбетовтың қолынан  грамота  алдым. Бір жылдың ішінде бір-ақ рет. Ауруханада сараптама жасалған,  көрсеткіштердің бәрі бар. Сіздер қазір айтып отырсыздар, үш-төрт адам деп. Қайда, сол адамдардың арыз-шағымы? Мен көрген жоқпын, келмей ме,  ең бірінші, мен басшысымын ғой.  

Тағына таласқан тірі жан жоқ, бірақ, алдына барғандар байыпты жауап алмапты.

Жолдасым ренжіп айтқандабас дәрігер: «Неменеге туадыдеді.  Қалай тумайды?! Денсаулығы дұрыс.  

Балтыры сыздап, басы ауырған Сарыөзектегілер  енді бұл ауруханаға аяқ аттап басуға жүрексінеді. Сары уайымға салынған тұрғындардың жақтары осы тас қабырғалардың ішінде «ана мен балаға жағдай жоқ «деп айтудан талған емес. Бас дәрігер тұрғындардың айтқаны «ақиқаттан алыс «десе де, азап шеккен азаматшалар сотқа арыздануға сақадай-сай;  қағаз, құжаттарын қамдауда.

Соңғы жаңалықтар