Сарышұнақ аяздарға байланысты Астанада апта соңына дейін сабақтар болмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+13 °C
Алматы
2025 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сарышұнақ аяздарға байланысты Астанада апта соңына дейін сабақтар болмайды

Сарышұнақ аяздарға байланысты Астанада апта соңына дейін сабақтар болмайды

Бүгін Астанада 1-9 сынып оқушылары үшін сабақтар болмайды.

  • 12 Желтоқсан 2012
  • 432
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «169» анықтама қызметінен хабарлады. Осы уақытта Астанада -31 градус аяз.

Сондай-ақ ҚР ТЖМ-нің мәліметіне сәйкес, ауа температурасының төмен болуына байланысты, қала мектептерінде 12, 13, және 14 желтоқсан күндері бірінші және екінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар болмайды.

Еске салайық, оқу жылының қысқы кезеңінде оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында 1-4 сыныптарда ауаның температурасы -25 градус және одан төмен болғанда; 1-9 сыныптарда ауаның температурасы -30 градустан төмен болғанда; 1-11(12) сыныптарда, кәсіптік лицейлерде, колледждерде (1-2 курс оқушылары үшін) — 35 градустан төмен болғанда Астана қаласы әкімдігімен келісілген білім ұйымдарында сабақты тоқтатудың параметрлері белгіленген болатын.

Сабақты тоқтату туралы ақпарат:

— «31 — канал» теледидар арнасының жүргіртпе жолында сағат 6.30-тен 8. 00-ге дейін (бірінші ауысым үшін) және 12.15-тен 13.00-ге дейін (екінші ауысым үшін) беріледі;

— сондай-ақ сабақты тоқтату туралы ақпаратты 118-01 (9. 00 ден — 18. 00 ге дейінгі аралықта), 169 (ақылы) қызметі телефондарынан алуға болады.

— ата- аналар үшін балалары оқитын мектептің кезекші телефонына, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне хабарласуға болады.