Сарышұнақ аязға бірқатар республикалық жолдардағы көлік қозғалысына кедергі болып отыр
Сарышұнақ аязға байланысты бірқатар республикалық жолдар жабық тұр. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлайды. |
Кешеден бастап ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Павлодар облысы бойынша барлық бағыттарда автокөліктің барлық түрлері үшін көлік қозғалысына тыйым салынды.
Сонымен қатар кеше кешқұрым Қарағанды облысы бойынша барлық бағыттарда автокөліктің қоғамдық, жүк және дизель отынымен жүретін автокөліктердің жолға шығуына шектеу енгізілген болатын.Бүгін сағат 08:00-ден бастап жол ашылды.
Бұдан бөлек, бүгін сағат 9:10-нан бері "Қызылорда-Павлодар" автожолының 1069-1135 шақырымындағы "Молодежный -Павлодар обл. шекарасы" аралығында қоғамдық, жүк және дизель отынымен жүретін автокөліктің жолға шығуына тайым салынды.
Ал кеше сағат 17:00-дeн бастап ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысы бойынша барлық бағыттарда қоғамдық және дизель отынымен жүретін автокөліктер үшін жол жабылған болатын. Бүгін сағат 07:00-ден бері бұл жолда көлік қозғалысы жанданды.
Айта кетейік, 14 желтоқсанда сағат 17:00-ден бастап Павлодар облысындағы ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты "Омбы-Майқапшағай" жолының 587-733 шақырымындағы "Павлодар обл.шекарасы-Семей қаласы" аралығында автокөліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Алматы облысы бойынша кеше сағат 17:00-дeн бері ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты "Алматы-Өскемен" жолының 276-615 шақырымындағы "Рубеж бекеті- Шығыс Қазақстан облысы шекарасы" аралығында қоғамдық және дизель отынымен жүретін автокөліктің қозғалысына тыйым салынған еді. 15 желтоқсанда сағат 07:00-ден бастап жол ашылды.
15 желтоқсанда сағат 09:10-нан бері ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Ақмола облысы бойынша барлық бағыттарда автокөліктің барлық түрі үшін жолға шығуға шектеу енгізілді.
Бұдан бөлек кеше сағат 19:00-дeн бастап Солтүстік Қазақстан облысы бойынша барлық бағыттарда қоғамдық, дизель отынымен жүретін автокөліктің қозғалысына тыйым салынды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін