Жарияланды: 420

Сәтбаев қаласында 3 қабатты үйде болған өртте баланың мүрдесі табылды

Сәтбаев қаласында 3 қабатты үйде болған өрт орнынан 4 жасар баланың мүрдесі табылды,

15 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен. Сейсенбі, 11 желтоқсан күні Сәтбаев маңындағы Весовая кентінде орналасқан 3 қабатты тұрғын үйдің пәтерінде өрт болды. Жалын тілі 12 шаршы метр аумақты шарпыды. 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді, соның ішінде 5 бала болды. Оқиға орнында 2008 жылғы баланың мүрдесі табылды. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 16 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін