Әйел адам қоқыс төгуге шыққанда, жәшіктің ішінен нәрестені тауып алған. Әйел көршілермен бірге жедел жәрдем келгенше шақалақты тірілтіп алуға тырысады, алайда сәби шетінеп кеткен еді.
Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті хабарлағандай, сәбидің анасы іздестіріліп жатыр. Және шетінеу себептері де анықталуда.