Сәтбаевта бес жасар қызды зорлаған ерлі-зайыптылар жазаны жеңілдетуді сұрап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәтбаевта бес жасар қызды зорлаған ерлі-зайыптылар жазаны жеңілдетуді сұрап отыр

Сәтбаевта бес жасар қызды зорлаған ерлі-зайыптылар жазаны жеңілдетуді сұрап отыр

Сәтбаев қаласында бес жасар қызды зорлағаны үшін сотталғандар жазаны өзгертуді сұрап, аппеляциялық шағым түсірді.

  • 18 Қазан 2021
  • 1433
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

«Сотталғандар аппеляцияға берді. Алайда сот жабық процесті қарау сатысында түсініктеме бере алмайды», — деді Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, оқиға былтыр 23 шілде күні болған. Сәтбаев қаласының полициясына Жезқазған тұрғыны өзінің бес жасар қызы жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Іздеу нәтижесінде бүлдіршін көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен табылған.

Ал өзге екі күдіктіге қатысты осы жылдың маусымында сот үкімі шыққан.

«П-ның әрекетін ауырлататын жағдай – қылмысты мас күйде жасау. Жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ. Оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл ретте, мерзімнің алғашқы бес жылы толық қауіпсіздік мекемесінде өтелуі керек», — деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.


Ал оның жұбайына қылмыстардың жиынтығы бойынша 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оған өмір бойына педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметтерді атқаруға тыйым салынды.