Сәтін салса, «ҚазСат-2» ғарышқа ұшуға дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәтін салса, «ҚазСат-2» ғарышқа ұшуға дайын

Сәтін салса, «ҚазСат-2» ғарышқа ұшуға дайын

Сәтін салса, «ҚазСат-2» жерсерігі ғарышқа ұшуға дайын. Қазір Байқоңыр ғарыш айлағында дайындық жұмыстары басталып кетті. Жерсерік қазір  Байқоңырға жеткізілді, енді оны «Протон-М» зымыранына орнату жұмыстары жүргізілуде.

  • 1 Маусым 2011
  • 358
Фото - Caravan.kz


Бұл ақпарат жерсерікті құрастыру орталығынан алынды. Естеріңізде болса, Мәскеудің Хруничев атындағы Ғарыштық ғылыми-зерттеу орталығы бұған дейін «ҚазСат-1» жерсерігін құрастырған болатын. Ол 2006жылы ұшырылып, бар-жоғы екі жылға жетер-жетпес жұмыс істеп, 2008жылдың күзінде істен шықты. Сол кезде алғашқы жерсерікті ұшыру үшін мемлекет қазынасынан 7 млрд 800 млн теңге қаржы бөлінген. Ал оны сақтандыру үшін төленген өтемақыны қайтаруға ресейліктер әлі күнге дейін асығар емес. Тек құжатты қайта қарап шығуға ғана келісіп отыр. Соған қарамастан «ҚазСат-2» жерсерігі тағы сол Хруничев орталығында құрастырылды. Оны ұшыру 10  шілдеге жоспарланып отыр.  

Соңғы жаңалықтар