«Мен «Екі езу» театры осыдан бірнеше жыл бұрын Алматыдағы Республика сарайында алғашқы кешін өткізген кезде ақ жол тілеп, батамды бергем. Одан кейін Ақтөбеге 2 рет барып, облыстық әкімшілік пен мәдениет басқармасына жаңадан құрылған өнер ордасына қолдау көрсетіңіздер деп өтініш жасадым. Олардың кейбір концерттеріне де қатыстым. Бүгінгі бағдарлама заманға сай жасалған. Жалғыз кемшілігі жұртты күлдіріп-күлдіріп келеді де соңғы жағында ылғи да ойландыруға құрған. Сол жерін басқаша қылу керек еді», — деді Көпен Әмірбек. Әйгілі сатира саңлағының айтуынша, қазір еліміздегі сатиралық театр өнерінде жаңалық, батылдық жоқ. Қоғамның дамуын не тежеп жатқанын айтпайды.