"Сәтпаев атындағы канал" РМК-ның Павлодарлық филиалы тұтынушылардың берешегі салдарынан өз қызметкерлері алдында жалақыдан 30 млн. теңге берешек болып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сәтпаев атындағы канал" РМК-ның Павлодарлық филиалы тұтынушылардың берешегі салдарынан өз қызметкерлері алдында жалақыдан 30 млн. теңге берешек болып қалды

"Сәтпаев атындағы канал" РМК-ның Павлодарлық филиалы тұтынушылардың берешегі салдарынан өз қызметкерлері алдында жалақыдан 30 млн. теңге берешек болып қалды

"Сәтпаев атындағы канал" РМК-ның Павлодарлық салалық бөлімшесі тұтынушылардың берешегі салдарынан өз қызметкерлері алдында жалақыдан 30 млн. теңге берешек болып қалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне бөлімше директоры Леонид Баталов хабарлады.

  • 14 Қазан 2003
  • 594
Фото - Caravan.kz

Бүгінде каналдың 950 қызметкері алдындағы жалақы берешегінің сыртында салық бойынша қарызы 90 млн. теңгені құрап отыр. Ал Екібастұздық тұтынушылардың каналға борышы 400 млн. теңгені, Ақсу мен Ақсудың ауылдық аймақтарының берешегі 30 млн. теңгені құрайды. Канал алдындағы ең қомақты борыш иесі — «Екібастұзсу» кәсіпорны. Екібастұз қаласының коммуналдық қажеттігі үшін су сатып алатын бұл кәсіпорынның борышы 250 млн. теңгеге жетті.

«Осындай берешектер салдарынан біз каналды қыс маусымына әзірлеуге бағытталған барлық шараларды толыққанды атқара алмай отырмыз»,- дейді Л.Баталов.
2002-жылдың күзінде тағы да осындай тұтынушылардың берешегі салдарынан каналда апат алдындағы жағдай қалыптасқан. Айналым қаржысының тапшылығынан каналға су айдауға арналған электр қуатын сатып алуға ақша жетпей, канал қатып қалуға шақ қалған. Павлодар облысы әкімшілігінің араласуы нәтижесінде ғана ахуалды тұрақтандыруға мүмкіндік жасалды. Л.Баталовтың айтуынша, биылғы жағдайды төтенше деуге келмейді. Республикалық бюджеттен бөлінген 130 млн. теңгеге насостық жабдықтарға күрделі жөндеу жасалып, гидротехникалық құрылғылар жөнделді. Екібастұздағы ГРЭС-1 және ГРЭС-2 тұтынған су үшін электр қуатымен есеп айырысуда. Соның арқасында канал үздіксіз жұмыс ісеп тұр. Соның нәтижесінде су тапшылығы 2002-жылы 180 млн. текше метрді құраса, қазір ол 90 млн. текше метрге дейін азайды.
«Мемлекет бізге әжептәуір қолдау көрсетіп отыр. Алайда, көлемі барған сайын арта түскен тұтынушылардың берешегі мен «Екібастұзсу» кәсіпорнының борышы бізге тұрақты жұмыс істеуге, одан әрі дамуға мүмкіндік бермей отыр»,- деді Л.Баталов.
Ертіс-Қарағанды каналы (қазір «Сәтпаев атындағы канал» РМК ) 1971-жылы салынған. Каналдың Павлодарлық бөлімшесі Ақсу мен Ақсудың іргесіндегі ауылдарды, сондай-ақ, Екібастұз қаласын сумен қамтамасыз етеді.

Соңғы жаңалықтар