Сәтпаев қаласының әкімі болып Советбек Медебаев тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәтпаев қаласының әкімі болып Советбек Медебаев тағайындалды

Сәтпаев қаласының әкімі болып Советбек Медебаев тағайындалды

Қарағанды. 12 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Сәтпаев қаласына жаңа әкімі тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қарағанды обыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 13 Қыркүйек 2008
  • 589
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулиннің бұйрығымен Сәтпаев қаласының әкімі болып Советбек Медебаев тағайындалды.

Оның кандидатурасын Сәтпаев қалалық мәслихатының депутаттары кезектен тыс сессиясында мақұлдады. Қаланың жаңа әкімін активке Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Берік Камалиев таныстырды.

Бұған дейін 43 жастағы С. Медебаев Жезқазған қалалық мәслихатының хатшысы болып істеген. Сәтпаев қаласының бұған дейінгі әкімі Арман Тұрлыбек Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар