Сәтпаевта "Қазақмыс" корпорациясының бір шахтасында адамдардың қаза табу дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәтпаевта "Қазақмыс" корпорациясының бір шахтасында адамдардың қаза табу дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Сәтпаевта "Қазақмыс" корпорациясының бір шахтасында адамдардың қаза табу дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Қарағанды. 13 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында "Қазақмыс" корпорациясының бір шахтасында адамдардың қаза табу дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Нұрбек Күзбақовқа сілтеме жасап.

  • 13 Қазан 2008
  • 453
Фото - Caravan.kz

«Сәтпаев қалалық прокуроры ҚР Қылмыстық кодексінің 152-бабының 2-тармағы бойынша еңбек қорғау ережелерін бұзуға байланысты адамдардың өліміне абайсыз жол беру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деді Н.Күзбақов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Сәтпаевта «Қазақмыс» корпорациясының бір шахтасында бес адам қаза тапты, тағы бір адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында «Қазақмыс» корпорациясының аумағында («Жезказганцветмет» ӨБ) №65 шахтада 12 қазанда сағат 23.00-де алдын-ала ақпаратқа сәйкес жоғарыға көтерілу барысында 6 адам клеткадан құлап, 190 метр тереңдікке шахтаның өзегіне түсіп кеткен.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ҚР ТЖМ «Кен» АӘҚҚ РМК 12 құтқарушысы жұмылдырылды. Жер бетіне қаза тапқан бес кеншінің мәйіті шығарылды. Бір кеншіні іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Н. Күзбақовтың айтуынша, алдын-ала мәліметке сәйкес, клеткада нормаға сай 21 адамның орнына 39 жұмысшы болған. Апатты жағдайда клетке тоқтаған кезде одан 6 адам құлап кеткен.

Оқиғаның себептерңн анықтау үшін құрамына ІІБ мен қалалық прокуратура өкілдері кірген арнаулы комиссия құрылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар