Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Журналист Гүлмира Әбіқайдың айтуынша, жеке балабақшада 2 жасқа толмаған бүлдіршінді 1,6 жасар сәби аяусыз тістелеп тастаған.
“Тістелеп тастады. Мынау не сұмдық. Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы жеке бақшада 2 жасқа толмаған қызды 1,6 жасар сәби тістелеп тастаған. Тістеді деген жәй ғана, бөпенің денесінде сау тамтық жоқ, 25 жерден ет-терісімен қыршып алған. Осы күйге жеткенше “Раяна” бақшасының тәрбиешілері қайда қараған? “Камераны көрсетпей отыр, бақшадан ешкім скорый шақырмаған. Спокойно баланы ата-анасына табыстап, бетін тістеп алыпты деп арқасындағы тіс ізі жайлы айтпады. Қолды-аяққа тұрмай шырылдаған баланың тістелмеген жері жоқ екенін үйде денесін көргенде бір-ақ байқадым” деп жазады анасы. Тістелген қыздың бақшаға барғанына небәрі 2-ші күн болған екен. Денесі ауырғаннан байыз таппай шырқыраған сәби шошып қалған, 2 күн ұйқысыз өткізіпті. Сәбиге ем болсын, ал жауапсыз жеке бақша қызметкерлері заңды жазасын алуы тиіс!
Шиелі аудандық білім бөлімі “біз жауапты емеспіз” депті арыз жазған аудандық полиция бармақ басты, көз қысты болып кете ме деп алаңдайды анасы. Жапа шеккен отбасында 4 бала бар, әлеуметтік жағдайы мәз емес”, — деп жазды Гүлмира Әбіқай.
Аталмыш мәселені алғашқылардың бірі болып көтерген “Қазақтың Аружаны” деген атпен танылған қоғам белсендісі Аружан Дүйсебаеваның Facebook желісінде жариялаған жазбасына сенсек, жақын арада балабақшаға тексеріс жұмыстары жүргізілмек.
”Кешегі пост ата-ананың айтуы бойынша өшірілді. Көмегіміз тигеніне қуаныштымын. Тәрбиешілерді жұмыстан шығарып, балабақшаға тексеріс жұмыстары жүргізілетін болды. Шиелі ауданының полициясына жазылған арыз бойынша да және Шиелі аудандық білім бөлімі айтқандай балабақшаны жабуға да жұмыс жасалмақшы. Бұл балабақша әлі де назарымызда болады”, — деп жазды ол.

