"Сауатсыз сақалит сәләфиттер" - Сәуле Әбілдаханқызы атасы, әкесі бар адамдар сақал қоймайтынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сауатсыз сақалит сәләфиттер" - Сәуле Әбілдаханқызы атасы, әкесі бар адамдар сақал қоймайтынын айтты

"Сауатсыз сақалит сәләфиттер" - Сәуле Әбілдаханқызы атасы, әкесі бар адамдар сақал қоймайтынын айтты

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы сақалы бар жас жігіттерді қатаң сынға алды.

  • 15 Тамыз
  • 12649
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Журналист танымал қырғыз этнографының «атасы, әкесі бар адам сақал қоймайды» дегенімен келісіп, «қазақта да осылай» деп оның сөзін растады.

«Сауатсыз сақалит сәләфиттер осыны біліңдер! Атасы, әкесі бар адам сақал қоймайды. Сақал — үлкендік жол, әулеттің үлкені, қария, ақсақал дегенді білдіреді. Елуден асып, немерелі болып, ата болғанда сәндеп, күзеп, түзеп сақал қойса да бір жөн. 17-18…-20-30 жастағы санасыздар селдіретіп не жалбыратып сүйкімсіз сақал қойып, текесақал боп, өз сүйкімін өздері кетіріп жүр», — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.