Тағайындау ханзада Ахмед бин Абдул Азиздің Корольдіктің ІІМ басшысы қызметінен өз еркімен кетуіне байланысты болды. Жаңадан сайланған ханзада Мохаммед 1975 жылдан бері ішкі істер министрі болған және «Әл-Кайеда» қозғалысына қарсы белсенді күрескер ретінде танымал болған марқұм мұрагер ханзада Наиф Абдул-Азиздың ұлы болып табылады. Ханзада Мухаммед бин Наиф ішкі істер министрінің орынбасары қызметінде лаңкестікке қарсы операцияны басқарған 2009 жылы «Әл-Кайеда» тарапынан шабуылға ұшыраған болатын.
Сарапшылардың пікіріне қарағанда, Сауд Арабиясы ішкі істер министрінің ауысуы Корольдік басшыларының лаңкестікпен және экстремизммен күресті күшейтуге бағытталған шешімімен байланысты болуы мүмкін.