Сауд Арабиясы Королінің арнайы қабылдауына шақырылған 12 Қазақстан азаматының арасында Қарағандылық журналист те бар - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сауд Арабиясы Королінің арнайы қабылдауына шақырылған 12 Қазақстан азаматының арасында Қарағандылық журналист те бар

Сауд Арабиясы Королінің арнайы қабылдауына шақырылған 12 Қазақстан азаматының арасында Қарағандылық журналист те бар

Еліміздің бір топ азаматы Сауд Арабиясы Королінің арнайы қабылдауына шақырылды, олардың арасында Қарағандылық бір журналист те бар,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Қазан 2003
  • 435
Фото - Caravan.kz

Король Фахт Бен Абдул Азиз Аль-Сауд Қазақстаннан мәдениет және өнер қайраткерлері, ғалымдар мен әртістерден құралған 12 адамды корольдық қонақасыға шақырған, олардың арасында бір Қарағандылық бар.

Мұхаметқали Баймұханов Қарағандыдағы ең бір танымал телеарналардың бірінде «Ұлылардан ұлағат» атты бағдарламаны жүргізеді. Қазақ тілінде таратылатын бұл бағдарлама Қазақстан мен шығыстың тарихи тұлғаларына арналған. Телеарна редакциясынан хабарлағанындай, тарих маманы болып табылатын М.Баймұханов- бірнеше ғылыми-тарихи кітаптың авторы. Король қабылдауына шақыру ол үшін мүлдем күтпеген оқиға болыпты. Журналист өз бағдарламасын Сауд Арабиясында да тамашалайтынынан мүлдем бейхабар болса керек. Қазір ол Сауд Арабиясы Корольдығына аттанып кетті.

Соңғы жаңалықтар