Сауд Арабиясы Қазақстанға инвестиция салуға құлықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сауд Арабиясы Қазақстанға инвестиция салуға құлықты

Сауд Арабиясы Қазақстанға инвестиция салуға құлықты

Сауд Арабияның іскер топ өкілдері Қазақстан экономикасына қаржы құюға ниет білдіруде.

  • 8 Маусым 2011
  • 404
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы кеше кешке Астанада Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға қол қою рәсімі барысында Сауд Арабияның Қаржы министрі Ибрагим аль-Ассаф айтты.

«Бүгінгі күні Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы сауда саласындағы алыс-беріс көлемі, біздің мемлекеттердің әлеуетіне сай келмейді. Конвенцияның қабылдануы екі елдің инвестициялық бағыттағы әріптестігіне үлкен серпін береді деп сенемін. Себебі Сауд Арабияның іскер топ өкілдері Қазақстан экономикасына қаржы құюға ниет білдіруде», — деді И. Аль-Ассаф.

Өз кезегінде Қазақстан Үкіметі тарапынан конвенцияға қол қойған ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев Қазақстанда инвестицияларды тарту мақсатында жалпы заңнаманы жеңілдету шаралары қарқынды жүргізіліп жатқандығын баса айтты.

«Соңғы 3 жылдың ішінде түрлі мемлекеттік лицензиялар мен рұқсатнамалар саны екі есеге қысқарды. Қазақстанның инвесторлар үшін тартымды болуы жолында барлық күш-жігерді салып жатырмыз. Біз әріптестікке әр қашан ашықпыз», — деп атап көрсетті Б. Жәмішев.

Қазақстан қазіргі уақытта басты акционері Сауд Арабиясы болып табылатын Ислам даму банкімен белсенді әріптестік орнатқан. Елде қазір ислам қаржы құрылымдарының іске асырылуына қажетті құқықтық негіздеме қаланып та жатыр.

«Былтыр ислам қаржыландыру құрылымдарының құқықтық базасы жасалған болатын, алайда жүргізілген талдау заңнамаға түзетулер енгізу қажеттігін көрсетті және ол өзгерістерді жақын арада ел Парламенті қарап бітеді», — деп нақтылады министр.

Кездесу соңында министр бұл сұхбаттың және Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы аясындағы талқылаулар екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға септесетіндігін айтты.

Соңғы жаңалықтар