Сауд Арабиясы Қазақстаннан астық импорттауға ерекше мүдделілік танытып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сауд Арабиясы Қазақстаннан астық импорттауға ерекше мүдделілік танытып отыр

Сауд Арабиясы Қазақстаннан астық импорттауға ерекше мүдделілік танытып отыр

Сауд Арабиясы мемлекеті Қазақстаннан астық және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауға ерекше мүдделілік танытып отыр.

  • 8 Маусым 2011
  • 470
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы кеше кешке Астанада Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенциясына қол қою рәсімі барысында Сауд Арабияның Қаржы министрі Ибрагим аль-Ассаф айтты.

«Сауди мемлекеті Қазақстанмен ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша әріптестікті күшейтуді қалайды. Бүгінгі сұхбаттың және Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы аясындағы талқылаулар алдағы уақытта нақты жобалардың пайда болуына септігін тигізетіндігіне сенім білдіреміз», — деп атап көрсетті саудилық министр.

Оның айтуынша, Сауд Арабиясы ауыл шаруашылығы саласында бірқатар елдермен келісімдер жасады. Қазір тағы бірнеше мемлекетпен ықпалдастық құру жөнінде шешім қабылдауда және министр солардың ішінде Қазақстан да болады деп сендірді.

«Сонымен қатар Сауд Арабиясы арпа мен бидайды және ет өнімдерін Қазақстаннан импорттауға қызығушылық танытуда. Осы бағытта кешелі бері бірнеше табысты келісімдер қабылданып үлгерді. Ол келісімдер бойынша енді Қазақстаннан біздің елге мұздатылған қой еті импортталатын болады», — деп нақтылады И. Аль-Ассаф.

Оның айтуынша, ет өнімдері ұшақпен жөнелтіле беретіндіктен, оның тасымалы бойынша қиындықтыр туындап жатқан жоқ. Алайда қазір астықты жеткізу мәселесі тығырыққа тіреліп отырған көрінеді.

«Сауд Арабиясы Қазақстан астығының импортталуына зор қызығушылық танытуда. Сол мақсатта қазір тараптар астықты тасымалдау жолдарын қарастыруда. Импорттаудан бөлек біз Қазақстан жерінде ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға атсалысуға ниеттіміз», — деп түйіндеді сөзін И. Аль-Ассаф.

Конвенцияға қол қою рәсімінде ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев, екі ел арасындағы сауда көлемі соншалықты көп болмаса да, Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынас байыпты дамып жатқандығын алға тартты. «Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияның бекітілуі тараптардың экономикалық серіктестігін тереңдетуге қажетті құқықтық негіз болмақ. Бұндай конвенцияларды Қазақстан әлемнің 43 мемлекетімен жасады», — дейді министр.

Соңғы жаңалықтар