Сауд Арабиясы Қазақстанның астық және мал шаруашылығы саласына инвестиция салудан мүдделі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сауд Арабиясы Қазақстанның астық және мал шаруашылығы саласына инвестиция салудан мүдделі

Сауд Арабиясы Қазақстанның астық және мал шаруашылығы саласына инвестиция салудан мүдделі

Астана. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Сауд Арабиясы Қазақстанның астық және мал шаруашылығы саласына инвестиция салудан мүдделі, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 11 Қыркүйек 2008
  • 615
Фото - Caravan.kz

Ақмола облысының Щучье ауданында өңірдің ауылшаруашылығы құрылымдарының Сауд Арабиясы Корольдігінің үкіметтік делегациясы мүшелерімен кездесуі өтті.

Облыс әкімінің орынбасары Қадырхан Отаров шетелдік өкілдерге өңірдің жан-жақты әлеуметтік-экономикалық сипаттамасын таныстырып, облыс экономикасының аграрлық-өнеркәсіптік бағытта екендігін айтып берді.

Астық өндірісіне назар шоғырландырған ол осынау ауылшаруашылығы өнімі бойынша облыстың басты көрсеткіштерін атады. Мәселен, былтыр шамамен 5 млн тонна астық жиналған. Облыстың экспорттық әлеуеті 2,8 — 3 млн тоннаны құрады. Ақмола облысының үлесіне еліміз бойынша өндірілген астықтың 25% тиеді. Астық экспортының үлесі бұдан әлдеқайда жоғары, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сауд Арабиясы Корольдігінің үкіметтік делегациясының жетекшісі Ахмед аль-Садхан өздерінің «ауылшаруашылығына, бірінші кезекте, астық және мал шаруашылығына инвестиция салу ниетімен келгенін» жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар