Сауд Арабиясында адам өлтіргеннің басын шауып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.16
  • 480.39
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сауд Арабиясында адам өлтіргеннің басын шауып тастады

Сауд Арабиясында адам өлтіргеннің басын шауып тастады

Сауд Арабиясында кеше кісі өлтіргені үшін сотталған жергілікті тұрғынның басын шауып алды,

  • 13 Қараша 2012
  • 405
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Agence France-Presse елдің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Мохаммед бин Абдулла аль-Шамри өзінің әріптесін атып өлтіргені үшін кінәлі деп танылды, деп министрдің сөзіне сілтеме жасады ақпараттық SPA агенттігі. Бұл істің басқа мән-жайы анықталмай отыр.

Ресми мәліметтерге қарағанда, оқиға Сауд Арабиясында 2012 жылы болған 64-ші өлім жазасы. Құқық қорғау Amnesty International ұйымының мәліметтеріне көз жүгіртсек, өткен жылы бұл мұсылман мемлекетінде 79 адам өлім жазасына кесілген.

Айта кетейік, Сауд Арабиясында өлім жазасына зорлау, кісі өлтіру, құдайға сенбеу, қарумен тонау және есірткі контрабандасы сияқты қылмыстар үшін тағайындалады.

Соңғы жаңалықтар