Caravan Logo

Сауд Арабиясында тұтқындалған отандастарымыз діни білім алуға кеткен студенттер болып шықты

Сауд Арабиясында тұтқындалған отандастарымыз діни білім алуға кеткен студенттер болып шықты

Қолына кісен салынған 3 жігіт Медине қаласындағы Ислам университетінде оқиды. Діни білім аламын деп дауға қалған жерлестеріміздің ісімен Сауд Арабиясындағы елшілік айналысып жатыр. Ал бұған дейін Арабияның ақпарат құралдары, 5 Қазақстан азматының ұсталғанын жарыса жазған. Бір анығы – қазақ студенттеріне радикалды лаңкестік топтардың қатарына қосылмақ болған деген айып тағылуда. Қазір Сыртқы Істер министрлігі  студенттердің аты-жөнін нақтылап жатыр.

Loading...