Жарияланды: 460

Сауд Арабиясының грантына Семейде туберкулезге қарсы балалар ауруханасының құрылысы басталды

Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында туберкулезге қарсы балалар ауруханасының құрылысы басталды

Құрылыстың алғашқы тасын кеше ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев пен Сауд Арабиясының Қаржы министрі Ибрагим Аль-Асаф қалады, деп "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Аурухана салу туралы келісім былтыр қазан айында Шығыс Қазақстан басшылығы мен Сауд Арабиясы Қаржы министрлігі арасында бекітілген болатын. Құны 5,28 млн еуроны құрайтын жобаны араб жағы қаржыландырады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін