Сауд Арабиясының королі Меккедегі қайғылы оқиғаның себептерін жариялауға уәде берді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сауд Арабиясының королі Меккедегі қайғылы оқиғаның себептерін жариялауға уәде берді

Сауд Арабиясының королі Меккедегі қайғылы оқиғаның себептерін жариялауға уәде берді

Сауд Арабиясының корлі Салман ибн Әбдуләзиз әл-Сауд Меккеде таяуда жүзден астам адам қаза тапқан әл-Ахрам мешітінде орын алған оқиғаны тергеу қорытындыларын көпшілік алдында жариялауды уәде етті.

  • 13 Қыркүйек 2015
  • 459
Фото - Caravan.kz

«Біз оқиғаның себептерін анықтап, содан кейін азаматтарға тергеу қорытындылары туралы айтамыз», — деп уәде етті монарх. Оның айтуынша, оқиғаны тергеу амалдары басталып кетті.

Сауд монархы мешіттің өзінде болып, одан кейін қайғылы оқиға салдарынан зардап шегіп, ауруханада жатқан адамдарға барды.

Сауд Арабиясы азаматтық қорғаныс департаментінің басшысы, лейтенант Сүлейман бин-Абдолла әл-Әмр кранның құлауына дауылды жел мен нөсер жаңбыр себеп болғанын мәлімдеді.

Жұма күні Меккедегі әл-Ахрам мешітінің үстіне құрылыс краны құлады. Оқиға кезінде мешіт ішінде жүздеген мұсылман болған. Соның салдарынан, соңғы мәліметтер бойынша, 107 адам қаза тауып, 200-ден астамы жарақат алды.


Соңғы жаңалықтар