Сауд Арабиясының Қаржы министрі Семейдегі балалардың туберкулезге қарсы диспансері құрылысына капсула салуға қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сауд Арабиясының Қаржы министрі Семейдегі балалардың туберкулезге қарсы диспансері құрылысына капсула салуға қатысты

Сауд Арабиясының Қаржы министрі Семейдегі балалардың туберкулезге қарсы диспансері құрылысына капсула салуға қатысты

Бүгін Семей қаласына Сауд Арабиясы Корольдігінің Қаржы министрі Ибрагим Әл-Асаф келді.

  • 9 Маусым 2011
  • 323
Фото - Caravan.kz

Әуежайда оны Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қарсы алды. Одан кейін олар Семейдің орталық мешітінің құрылысы жүріп жатқан жерге барып, жаңа діни ғимараттың құрылысымен танысты.

Сауд Арабиясы Корольдігінің Қаржы министрінің Қазақстанның шығысына сапарының маңызды оқиғасы — Семей қаласындағы 80 төсектік балалардың туберкулезге қарсы диспансері құрылысының капсуласын салуға қатысуы болды. Аймақ басшысы мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Қаржы министрі Ибрагим Әл-Асаф болашақ балалар ауруханасының іргетасына символдық капсула орнату шарасына қатысты. Құны 5, 028 800 млн. АҚШ долларын құрайтын жобаны араб тарабы толықтай қаржыландырып отыр.

Соңғы жаңалықтар