Сауд Аравиясы корольдігінің Қaржы министрі, доктор Ибраһим әл-Ассаф Семей мемлекеттік университетінің құрметті профессоры атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сауд Аравиясы корольдігінің Қaржы министрі, доктор Ибраһим әл-Ассаф Семей мемлекеттік университетінің құрметті профессоры атанды

Сауд Аравиясы корольдігінің Қaржы министрі, доктор Ибраһим әл-Ассаф Семей мемлекеттік университетінің құрметті профессоры атанды

9 маусымда Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде Сауд Аравиясы Корольдігінің Қaржы министрі, доктор Ибраһим әл-Ассафтың университет ұжымы және студенттер қауымымен кездесуі өтті,

  • 9 Маусым 2011
  • 445
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің баспасөз қызметі.

Шығыс өңіріндегі ғылым мен білімнің, мәдениеттің орталығы болып табылатын көп салалы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде өткен аталмыш кездесуге Сауд Аравиясы Корольдігінің Даму ұйымының вице-президенті Юсеф әл-Бассам, Сауд Аравиясы Корольдігі қaржы министрінің орынбасары, доктор Сулейман Ат-Турки, министрдің көмекшісі Ахмед әл-Балауи, министрдың хатшысы Мансур Ас-Сауи, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Семей қаласының әкімі А.Кәрімов және қала зиялылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сауд Аравиясы Корольдігінен келген қонақтардың университет ұжымымен кездесуі аясында қонақтар Шәкәрім ескерткішіне гүл шоғын қойып, университет ғалымдарының еңбектері қойылған «Университет ғалымдарының жетістіктері» көрмесімен, «Шәкәрімтану», «Алаштану» орталықтарымен танысты. Іс-шара қонақтардың университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттер қауымымен кездесуімен өз жалғасын тауып, салтанатты жиын соңында университ ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Е. Сыдықов Сауд Аравиясы Корольдігінің Қaржы министрі, доктор Ибрахим әл-Ассафқа Университетінің «құрметті профессоры» атағы берілгенін хабарлап, салтанатты түрде профессор куәлігі мен «Шәкәрім» медалін табыс етті.

Соңғы жаңалықтар