Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сауда және интеграция министрлігі бүкіл ел бойынша «Republic Day» акциясын өткізетінін мәлімдеді.
24-27 қазан аралығында қазақстандықтар тауарларды жеңілдікпен сатып ала алады. Республика күніне орайластырылған акция ішкі нарықты қолдауға және халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған, деп атап өтті Сауда министрлігі.
«Қазақстандықтар азық-түлік емес тауарлардың кең ассортиментін 10-нан 70% — ке дейін жеңілдікпен сатып ала алады. Акцияға бүкіл ел бойынша 220–дан астам сауда нысандары, сауда — ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, супермаркеттер, желілік дүкендер мен маркетплейстер тартылды», — деп қуантты сауда министрлігі.
Мысалы, Астанада акцияға MEGA Silk Way және «Хан Шатыр» сияқты сауда орталықтары, сондай-ақ Magnum, Small және АНВАР супермаркеттері қатысады. Алматыда акцияға «Forum», «Mega Alma-Ata», Aport Mall East және басқа да сауда желілері қосылған.
«Жеңілдіктер негізінен азық-түлікке жатпайтын тауарларға: киім, аяқ киім, электроника, тұрмыстық техника, үй тауарлары және басқа да күнделікті санаттарға беріледі. Акция офлайн-алаңдарды да, онлайн-сауданы да қамтиды», — деп атап өтті ведомствода.
Жеңілдік жасалатын дүкендер мен базарлардың толық тізімін сілтеме арқылы көре аласыз