Сауда орталығынан құлап өлген егіз әйелдердің туыстары табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сауда орталығынан құлап өлген егіз әйелдердің туыстары табылды

Сауда орталығынан құлап өлген егіз әйелдердің туыстары табылды

Алматыда ірі сауда орталығының шатырынан секіріп өлген екі әйелдің денелері алдағы дүйсенбіде жерленетін болды. Қазір марқұмдардың алыс туыстары жерлеу рәсіміне дайындалып жатыр. Тіпті егіздерді ақтық сапарға шығарып салатын жерлеу агенттігімен келісім жасалып қойған. Сондықтан Мирослава және Галина Коваленколар, бұған дейін айтылғандай қаңғыбастар қабіріне емес, Боралдайдағы зиратқа жерленбек.

  • 14 Қараша 2015
  • 421
Фото - Caravan.kz

Өмірден баз кешіп, өздеріне қол салған Мирослава мен Галинаның денелері барлық жөн-жоралғысымен жер қойнына табысталмақ. 5 күннен бері іздеушісі болмаған марқұмдардың алыс болса да туыстары табылып отыр. Шетелде тұратын олар қайғылы хабарды ақпарат құралдарынан естіген екен. Сондықтан дереу полициямен келісіп, марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салуға рұқсат алыпты.

Антон, марқұмдардың туысы:

Бұл біз үшін қайғылы хабар болды. Ал олардың мұндай қадамға неліктен барғанын тергеу органдары анықтай жатар. Біздің басты мақсат – марқұмдарды салт бойынша ақтық сапарға шығарып салу.

Бет әлпетін көрсетуден бас тартқан бұл жігіт ақпарат құралдарына өкпелі екен. Айтуынша, интернет басылымдардың бірі марқұмдардың денесін туыстары көмуден бас тартып отыр деп жазған. Ал шындығында бәрі басқаша болып шықты.

Апалы-сіңілілі әйелдерді жерлеу рәсімі осы агенттікке жүктелген. Қазір мұнда егіздерге екі табыт дайындалып, басқа да жөн-жоралғылары жасалып жатыр. Мирослава мен Галина Коваленколардың денесі алдағы дүйсенбі күні Боралдай зиратына қойылмақ.

Светлана Виданова, жерлеу агенттігінің директоры:

Біздің агенттікке Коваленколардың туыстары хабарласып, жерлеу рәсімін өткізуге тапсырыс беріп қойды. Барлығын да салт-дәстүрге сай жасаймыз.   

Ал егіздердің баспанасы енді кімге қалатыны белгісіз. Табылған туыстар мұрагер болуға тым алыс. Сондықтан тергеу жұмыстары аяқталғанша бір бөлмелі пәтерге ешкімнің кіруіне рұқсат жоқ.

Марқұмдардың Алматыда ет жақындары жоқ. Жерлеу рәсіміне де алыс ағайындарынан 1-2 адам ғана қатысатын болды. Ал шетелде тұратын бауырлары мен басқа да туыстары Қазақстанға келе алмайтынын жеткізіпті. Сондықтан егіздердің бір бөлмелі пәтеріне енді кім иелік ететінін құзырлы орындар шешеді. 

Соңғы жаңалықтар