Бүгін "Март" сауда орталығының үшінші қабатынан құлап кеткен баланы ауруханадан шығарды. Ауруханада екі жасар баланың анасы оқиғаны нақтырақ баяндап берді, — деп хабарлайдыZakon.kz тілшісі.
Анасының айтуынша, сол күні үлкен қызының туған күні болған екен, отбасыларымен бірге "Март" сауда орталығына келген. Эскалатормен түсіп келе жатқанда Айнұр екі айлық сәбиі мен баланың арбасын ұстап тұрған. Ал екі жасар ұлы әкесінің қолында болған. Бір сәтте арбаның дөңгелегі эскалаторға қысылып қалған. Анасы арбаны аударылып кете ме деп қорқып, дөңгелегін шығару үшін еңкейген. Күйеуі әйеліне көмектесемін деп ол да еңкейген. Сол кезде қалай екені белгісіз, бала төменге құлап кеткен.
Баланың анасы болған жағдайға ешкімді кінәлағысы келмейді.
Қазіргі уақытта баланың денсаулығына ата-ананың шағымы жоқ. Отбасында барлығы төрт бала: оның екеуі — ұл, екеуі — қыз.