Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Блогер бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Ол жақтың халқы материалдық байлыққа қызықпайды екен. Ол жақтың елі биік үй соғып, табақтай ворота салмайды екен.
Ол жақтың елі саудам жүрсе екен деп жалмаңдамайды екен. Ол жақтың елі таза дәмді сөйлейді екен. Ол жақтың елі мақтаншақ емес екен.
Ол жақтың елі жайбарақат, аласұрмай, байлық пен мансап қумай өмір сүреді екен», — деп жазды блогер.