«Saudi Arabian Airlines» әуе компаниясы екі ел арасында тікелей әуе байланысын орнатпақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Saudi Arabian Airlines» әуе компаниясы екі ел арасында тікелей әуе байланысын орнатпақшы

«Saudi Arabian Airlines» әуе компаниясы екі ел арасында тікелей әуе байланысын орнатпақшы

АСТАНА. 11-шілде. Kazakhstan Today. Сауд Арабиясының «Saudi Arabian Airlines» әуе компаниясы екі ел арасында тікелей әуе байланысын орнатпақшы. Бұл туралы Сауд Арабиясының мұрагер бекзадасы, премьер-министрдің орынбасары, қорғаныс және авиация министрі Сұлтан бен Әдбел Әзиз дипломатиялық қызметі мерзімінің аяқталуына байланысты Қазақстан елшісі Асқар Мусиновты Жидда қаласында қабылдау барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 12 Шiлде 2006
  • 384
Фото - Caravan.kz

Әңгіме барысында А.Мусинов Исламның қасиетті қос мешіті жеріндегі жұмысы барысында Қазақстан елшісіне көрсеткен қолдауы үшін Сауд Арабиясының басшылығына алғысын жеткізді.

Қазақстан дипломаты сондай-ақ, Қасиетті Қос Мешіттің Қамқоры Король Абдалла бен Әбдел Әзиз бен Мұрагер бекзада Сұлтан бен Әбдел Әзизге Қазақстанның Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ізгі тілегін жеткізіп, Корольдік халқына тыныштық пен гүлдену тіледі.

А.Мусинов Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін шақыру жөніндегі Қазақстан президентінің бастамашылығына көрсеткен қолдауы үшін де Корольдік басшылығына ризашылық білдірді.
Кездесуде Қазақстан дипломаты сондай-ақ, алдағы қыркүйек айында Астанада өтетін Әлем және дәстүрлі діндер басшыларының ІІ съезіне дайындық барысы туралы әңгімелеп берді.

Қазақстан президентінің 2004-жылғы Сауд Арабиясына сапарының қорытындысы бойынша құрылған екі ел бизнесмендерінің іскерлік кеңесі сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы маңызды элементке айналғаны айтылды.

Сонымен бірге Қазақстан елшісінің хабарлауынша, 2006-жылдың қараша айында Қазақстанның Сауд Арабиясындағы мәдениет күндерін, ал 2007-жылы Сауд Арабиясының Қазақстандағы мәдениет күндерін өткізу жоспарланған.

Перейти к новостям спорта