Фестиваль Қазақстандағы Франция жылы шеңберінде өтіп жатыр.
Алматыдағы француз консулдығының мәліметіне қарағанда, маусым 25-сәуір күні Абай атындағы опера және балет театрында ашылады. Оған Францияның Қазақстандағы елшісі Жан-Шарль Бертоннэ қатысады.
Фестиваль шеңберінде фотограф Ги Делаэнің (Guy Delahaye) фотокөрмесі өтеді. Хореограф Жан-Клод Галлотт «Қасиетті көктем» атты қойылымын жұртшылық назарына ұсынады.