Сәуір айында еліміз бойынша орташа айлық жалақы мөлшері 10,7 пайыз өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәуір айында еліміз бойынша орташа айлық жалақы мөлшері 10,7 пайыз өсті

Сәуір айында еліміз бойынша орташа айлық жалақы мөлшері 10,7 пайыз өсті

Биылғы жылдың сәуір айында бір жұмысшының орташа айлық жалақысы 83 мың 276 теңгені құрап, өткен жылдың осындай айымен салыстырғанда 10,7% артқан, деп мемлекеттік статистика агенттігі хабарлады.

  • 14 Маусым 2011
  • 736
Фото - Caravan.kz

Жалпы аталған кезеңде жалақының нақты көрсеткіші 2,2% артыпты.

Статистика агенттігінің ақпарына қарағанда, ең жоғарғы еңбекақыны (188 мың 600 теңге) бұрынғыша қаржы саласы мамандары мен сақтандыру секторы қызметкерлері алып отыр. Кен өндіру саласы мамандары — 155 мың 600 теңге, ғылым мен техника саласының қызметкерлері — 167 мың 400 теңге жалақы алады.
Ең төменгі еңбекақыны (34 мың теңге) ауыл шаруашылығы, балық және орман шаруашылығы қызметкерлері алады. Бұл елдегі жалақының орташа деңгейінен 59,1% кем, дейді мамандар.
Аймақтық тұрғыдан алғанда, ең жоғарғы жалақы мұнайлы Атырау облысында — 164 мың 400 теңге (орташа республикалық деңгейден 2 есе артық). Ең төменгі еңбекақы Солтүстік Қазақстан облысында — 53 мың 700 теңге, бұл орташа республикалық деңгейден 35,5% кем.

Соңғы жаңалықтар