Сәуірде Қазақстан өңірлеріне қанша вакцина дозасы жеткізілетіні мәлім болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәуірде Қазақстан өңірлеріне қанша вакцина дозасы жеткізілетіні мәлім болды

Сәуірде Қазақстан өңірлеріне қанша вакцина дозасы жеткізілетіні мәлім болды

Министрдің айтуынша, халық көп жиналатын орындарда вакцинация жүргізу үшін жылжымалы екпе егу пунктері іске қосылады

  • 6 Сәуiр 2021
  • 35
Фото - Caravan.kz

 Сәуір айында республика өңірлеріне 2 миллион вакцина дозасын жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап. 

"Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында сәуір айында 2 миллион вакцина дозасы жеткізіледі деп көзделуде. Бұл тиісті контингенттің 23,4%-ін қамтуға мүмкіндік береді", – деді Цой үкімет отырысында.

Үкімет отырысында таныстырылған слайдта вакциналарды өңірлерге жеткізудің болжамды мерзімі мен көлемі көрсетілген.

Оған сәйкес, осы айда өңірлерге Қарағанды фармацевтика кешенінде өндірілген ресейлік "Спутник V" вакцинасының 1,5 миллион дозасы, басқа өндірушілерден қосымша 500 мың доза және отандық "QazCovid-in" вакцинасының 25 000 дозасы жеткізіледі.

"Эпидемиологиялық ахуалды ескеріп, сәуірде Нұр-Сұлтан (284 мың), Алматы (464 мың), Шымкент (172 мың), Алматы облысы (232 мың) және Қарағанды облысына (217 мың) жеткізілетін вакцина көлемі ұлғайтылды", – деп нақтылады министр.


Айтуынша, қазір жүргізіліп жатқан келіссөздердің нәтижесінде Қазақстанға бірінші жартыжылдықта 6 миллионнан астам вакцина дозасы түседі деп жоспарланып отыр. Бұл екпе егілетін контингенттің 64%-ін қамтуға мүмкіндік береді.

Цой ұжымдар мен халық көп жиналатын орындарда вакцинация жүргізу үшін жылжымалы екпе егу пунктері іске қосылатынын айтты.

6 сәуірдегі жағдай бойынша ресейлік "Спутник V" вакцинасының бірінші компоненті 194 706 адамға, екіншісі 72 110 адамға егілді.

 

Соңғы жаңалықтар