Сәуірде сыртқы саудада өнімдер бағасы жоғары болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәуірде сыртқы саудада өнімдер бағасы жоғары болды

Сәуірде сыртқы саудада өнімдер бағасы жоғары болды

2011 жылғы сәуірде сыртқы саудада өнімдерге бағаның жоғарылауы тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

  • 13 Маусым 2011
  • 385
Фото - Caravan.kz

Агенттіктің келтірген мәліметтеріне қарағанда, экспорттық жеткізілімдерге бір айға баға жоғарылауы табиғи газға — 15 пайыз, көмірге — 14,5 пайыз, ферроқорытпаларға — 7,7 пайыз, алюминийге — 3,9 пайыз, мұнайға — 3,7 пайыз, мұнай өнімдеріне — 3,4 пайыз, мырышқа — 2,6 пайызға белгіленген. Ал бағаның төмендеуі сұйытылған пропан-бутанға — 1,5 пайыз, цементке — 1,1 пайыз шамасында болып тіркелді. Сонымен қатар, баға былғарыға — 14,2 пайыз, мақтаға — 13,8 пайыз, жүнге — 5,1 пайыз, темекіге — 0,6 пайызға жоғарылап, керісінше астыққа — 3,2 пайызға төмен болды.

Сонымен қатар, импорттық түсімдерден балық — 14,6 пайыз, кофе — 8,2 пайыз, сырлар мен лактар — 7,6 пайыз, дәрі-дәрмектер — 7,5 пайыз, құс еті — 5,2 пайыз, өсімдік майы — 3,1 пайыз, қант — 2,9 пайыз қымбаттаған. Ал бұнымен қатар маргарин — 9,1 пайызға, аяқкиім — 3,9 пайызға, шай — 1 пайызға арзандапты.

Соңғы жаңалықтар