"Сәукелемді киіп, ұзатыламын": Мөлдір Әуелбекова үшінші рет тұрмысқа шықпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сәукелемді киіп, ұзатыламын": Мөлдір Әуелбекова үшінші рет тұрмысқа шықпақ

"Сәукелемді киіп, ұзатыламын": Мөлдір Әуелбекова үшінші рет тұрмысқа шықпақ

Әнші Мөлдір Әуелбекова үшінші рет тұрмысқа шығуға ниетті екенін айтты.

  • 16 Тамыз 2023
  • 4314
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-те айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Сіз өте әдемісіз, тұрмысқа шығу ойыңызда жоқ па?" — деген оқырманның сұрағына әнші "Шықпақшымын. Әуелі жолықсын жақсы адамым, сосын сәукелемді киіп ұзатыламын, бұйыртса", — деп жазды Мөлдір Әуелбекова.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы әнші алғаш рет Арыстан есімді азаматқа тұрмысқа шығып, бір жарым жылдан кейін ажырасып кеткен болатын. 2020 жылы екінші рет тұрмысқа шығып, Әуелбекованың ол некесі де ұзаққа созылмады.