Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Топтасып жасаған қылмысты бір адамның мойнына арту (бір адам мойнына алу) дерегі аз емес…
Ал бір емес, үш рет қыз зорлаған педофилге 17 жыл аз, кастрациялап, өмір бойы түрмеде ауыр жұмысқа салу керек.
Біздің елде сот жүйесі іріп, педофилдерді "тәртіпті" дейтін судьялар шіріп кеткендер. Ал сондай жауыз қылмыскерлерді өтірік тергеп-тексеріп, жазасын жеңілдететін құқық қорғау қызметкерлері — сол қысмыскерлердің сообщниктері", — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.