Сәуле Әбілдаханқызы Ермұрат Бапи туралы: Отауизммен айналысу оның қырық жылдық жұмысы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәуле Әбілдаханқызы Ермұрат Бапи туралы: Отауизммен айналысу оның қырық жылдық жұмысы

Сәуле Әбілдаханқызы Ермұрат Бапи туралы: Отауизммен айналысу оның қырық жылдық жұмысы

Танымал журналист Сәуле Әбілдаханқызы белгілі саясаткер Ермұрат Бапи туралы өз ойын жазды.

  • 13 Шiлде 2021
  • 1241
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Ермұрат Бәпи ауыш зауышты жақтап, сіз туралы өй деді, бүй деді, сөй деді…. жауап жазыңызшы……- дейді көпбалалы аналар чатында.

— "Каждый судит по себе" деген сөз бар. Өзі биліктен бір тапсырыс, аппазиден екі тапсырыс, шетелдік аппазиден үш тапсырыс алып жүрген соң, мені бадамдық зауыштан қиянат көрген Балнұр, Арай, Ақкүміс сияқты мұң шаққан қыздардан тапсырыс алды деп ойлауы заңдылық. Өйткені өзі сондай болған соң, елдің бәрін солай деп ойлайды. Балнұр мен Ақкүмісті өмірімде кеше бірінші рет көрдім. Адвокат табуға көмектесуімді сұрап келді. Абзал Құспан көмектесетін болды. Олар маған тапсырыс бермек түгіл, зауышқа әперген кредиттерін төлей алмай шақшадай бастары шарадай боп жүр.

Ал бәпиді мен Шекербектің банясына қамағалы екі жыл болды. Оны оқымаймын да, оқығым да келмейді. Оттауизммен айналысу оның қырық жылдық жұмысы. Оттай берсін. Бүкіл бір ауылды зар илеткен оның зауышы ақ та, кредитке батып зар илеп қалған мына екі қыз сияқты мың бадамдық қара, мен қара екенмін… солай-ақ болсын…😃
😃

Менің "Оңтүстік" арнасындағы "Ақжүністен" басқа ешкімде жұмысым жоқ. бәпиде де шаруам жоқ…

Менің берер жауабым осы.

Айгүл Орынбек жақсылап жауап жазғанын оқыдым, соған толық қосыламын. Менің де айтарым сол."